Android Pay және Google Wallet төлем қызметтері біріктіріледі

Pay
Фото: Digital Trends

Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz – Google өзінің төлем құралдарын Google Pay брендіне біріктіру туралы жариялады. Бұл туралы RNS агенттігі хабарлады.

Атап айтқанда, Google Pay Android Pay және Google Wallet қызметтерін біріктіреді. Жаңа құрылым көмегімен Google қызметтерінде және Google Play дүкенінде сауда жасауға болады. Сонымен қатар, дүкендердегі тауарлардың ақысын төлеуге және достарыңа ақша аударуға мүмкіндік туады.

Google Pay толық іске бірнеше аптадан кейін қосылады.

Қазірдің өзінде Google Pay-ға Airbnb, Dice, Fandango, HungryHouse, Instacart қосымшалары қолдау көрсетеді.