Анкарада Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы өтеді

82
Қазақстан-Түркия
Фото: ru.vzglyadriv.kg

Алматы. 10 қыркүйек. 7kun.kz – 12 қыркүйекте Анкара уақытымен сағат 12:00-де MARRIOT ANKARA қонақүйінде Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы өтеді, деп хабарлайды «Kazakh Invest» компаниясы.

Форум аясында ынтымақтастық туралы шарттар мен бірқатар меморандумдарға қол қойылады.

Форумның басты мақсаты — түрік инвесторларын Қазақстан экономикасымен, инвестициялық ахуалмен таныстыру, инвестиция тартуға және екі елдік іскерлік ортасы арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға байланысты мемлекеттік бағдарламалар ұсыну, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастық болашағын талқылау үшін екі мемлекеттік кәсіпкерлері үшін алаң ұсыну.