Apple-дің Үндістан нарығындағы үлесі азаяды

26
Фото: Apple-iPhone.ru

Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — Apple смартфондары жаңа моделі шыққан сайын қымбат болып келеді, алайда олардың сипаттамалары мен мүмкіндіктері бәсекелестерден  ерекшеленбей жатыр. Болжам бойынша ағымдағы тоқсанда Үндістан аумағында iPhone смартфондарының сатылымы төмендейді.

Counterpoint Research аналитикалық компаниясының ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі директоры Нил Шах талдау нәтижелерін хабарлады. Оның айтуынша, 2018 жылдың IV тоқсанында Үндістанда 700 мыңнан 800 мыңға дейін сатылым болады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1 млн-ға жуық құрылғы сатылды. Демек, сатылым шамамен 25%-ға төмендейді.

Сатылымның жартысынан астам үлесі арзан ескі үлгілерге тиесілі. Бірақ тіпті Apple премиум-сегментінде де III тоқсанда бәсекелестерден арта қалды.

Десктоптарды сату және жаңа смартфондардың жоғары құны Apple корпорациясына Үндістанда 2 млрд доллар көлемінде табыс әкелді, бұл OnePlus-ке қарағанда екі есе көп. Алайда зерттеушілердің мәліметтері бойынша, табыс  айырмасы тез азаяды.

Нил Шах iPhone смартфондары қымбаттай түсетінін, алайда олардың сипаттамалары  Android гаджеттерінен ерекшеленбейтінін түсіндірді. Бәсекелестердің пайдаланушы  базасы өсуде, ал iPhone-ның Үндістандағы қолданушылары азайып жатыр.