Apple электромобиль құрастырмақшы

420
Apple электромобиль құрастырмақшы.................

Apple компаниясының бірнеше қызметкері құпия түрде электромобиль моделін құрастыру үшін жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды The Wall Street  Journal өз дереккөздеріне сілтеме жасап.

Titan деп аталатын жобаның аясында минивэн тәрізді көліктің үлгісі дайындалып жатыр дейді дереккөздің бірі. Дегенмен Apple жобаны жауып тастауы мүмкін, бірақ электромобилге қажетті батарея мен электроника тәрізді көптеген технологиялар компанияның басқа өнімдері үшін керек болуы мүмкін.

Осыған дейін де Apple сатылымға шығарылмайтын көптеген идеялар мен технологияларды тестілеуден өткізетін еді.     The Wall Street  Journal басылымының жазуынша  жобаға тартылған адамдар мен жоғары лауазымды шенеуніктер бұл жолғы жоспарлардың өте маңызды екендігін айтуда.