Apple сағатына 200 iPhone-ды бөлшектей алатын робот жасады

289
Apple
Фото: iGuedes

Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz — Apple компаниясы бір сағатта 200 Iphone-ды бөлшектей алатын жаңа Дейзи есімді роботты таныстырды деп жазады The verge.

Бұл робот Iphone смартфондарының 9 түрін анықтап, бір сағаттың ішінде ескі смартфондардың 200 данасын бөлшектеп, утилизациялай алады. Бөлшектелеген смартфондардың материалдары жаңа iPhone-дар жасауға жіберіледі.

Дейзи — 2016 жылы шыққан Лиам есімді роботтың базасының негізінде жасалған.