Apple Tesla компаниясын сатып алуы мүмкін

2016 жылы Apple корпорациясы Tesla компаниясын сатып алуы мүмкін. Мұндай болжамды Fortune басылымы жазады, деп хабарлайды kapital.kz. 

Бұдан бұрын Apple компаниясының Titan атты жоба бойынша жұмыс істеп жатқаны және 2019 жыл электромобиль шығаруы мүмкін екені туралы хабарланған еді. Егер корпарация Илон Маск компаниясымен бірігетін болса, бұл шын мәнінде жүзеге асуы мүмкін. Себебі қазіргі уақытта Apple-дың Tesla-ны сатып алуға ресурстары бар.

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын Tesla Motors-тың негізін қалаушы Элон Маск электромобиль нарығында Apple корпорациясымен бәсекелес болудан қорықпайтыны туралы мәлімдеген. Сондай-ақ, ол Apple-дың электромобильді жасап шығуы инновациялық эволюцияны қамтамасыз ететін жаңа логистикалық қадам болатынын мойындады.

Apple бастапқыда жеке электромобильді жасап шығаруды 2020 жылға жоспалаған. Алайда компанияның аталған уақытты бір жылға қысқартқаны туралы, яғни электрокарды 2019 жылы шығаратыны туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ, Apple компаниясында Titan жобасы бойынша 600 адам жұмыс істеуде және олардың көпшілігі Tesla Motors-тан келген.

Фото: kapital.kz