Апта басында доллар 312 теңге болды

предприятия
Фото: Etoday.kz

Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 27 ақпандағы доллардың орташа бағамы 312,44 теңгені құрады. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 312 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 312,65 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 312,60 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 61 млн 900 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 135.

Ақша айырбастау орындарында 27 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11:00) Алматыда 314 теңгені құраған.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.