Ақмола облысының 2 мыңнан астам адам қаржы пирамидасына алданды

Астана. 24 қараша. 7kun.kz – ҚМА Ақмола облысы бойынша департаментімен «River Coins Limited» қаржылық пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұзақ уақыт бойы желілік маркетингпен айналысып келген Г.У.Оралбаеваның қаржылық пирамида жүйесі негізінде жеке тұлғалардан ақша тарту арқылы табыс табу мақсатында компания құруға бел буғаны анықталды», – делінген хабарламада.

Оралбаеваның «River Coins Limited» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде 2000-нан астам адам 18 миллион  теңгеге шығын көрген.

Сот Оралбаеваны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.