Ақпарат және байланыс комитетінің экс-төрағасы ұсталды

841
Фото:kapital.kz

25 наурыз күні Ақпарат және байланыс комитетінің экс-төрағасы Болат Берсебаев пен төрағаның орынбасары Бек Арпабаев ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласының коррпуцияға қарсы қызметі хабарлады.

Қазіргі кезде Ақпарат және байланыс комитеті, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазТАГ» ХАА лауазымды тұлғаларына қарсы қылмыстық іс тергелуде. Тергеу 2010-2015 жылдары аралығында мемлекеттік саясатты ақпараттық қолдауға арналған 160 млн теңгенің ұрланғанын анықтаған.