Алматы. 18 қазан. 7kun.kz - Трамп әкімшілігі АҚШ-тың халықаралық келісімдерден шығу процесін жалғастыруда. АҚШ мүдделеріне сай келмейтін халықаралық-құқықтық шарттардың тізіміне Дүниежүзілік пошта конвенциясы ілікті-мыс, деп жазады vestifinance.ru
АҚШ әкімшілігінің ресми мәлімдемесінде "президент Дональд Трамп АҚШ Мемлекеттік департаментінің ұсынымдарымен келіседі"деп айтылған.
Баспасөз хабарламасында Мемлекеттік департамент жақында АҚШ-тың Дүниежүзілік пошта одағынан шығуы туралы өтініш беретіні туралы айтылған. Сондай-ақ Трамп мемлекеттік департаменттің "мүмкіндігінше тезірек, бірақ 2020 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей" АҚШ тарапынан жеке пошта алымдарын орнату қажеттілігі туралы ұсынымын мақұлдады.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





