АҚШ Дүниежүзілік пошта одағынан шықпақшы

66
Фото: РБК-Украина

Алматы. 18 қазан. 7kun.kz — Трамп әкімшілігі АҚШ-тың халықаралық келісімдерден шығу процесін жалғастыруда. АҚШ мүдделеріне сай келмейтін халықаралық-құқықтық шарттардың тізіміне Дүниежүзілік пошта конвенциясы ілікті-мыс, деп жазады vestifinance.ru

АҚШ әкімшілігінің ресми мәлімдемесінде «президент Дональд Трамп АҚШ Мемлекеттік департаментінің ұсынымдарымен келіседі»деп айтылған.

Баспасөз хабарламасында Мемлекеттік департамент жақында АҚШ-тың Дүниежүзілік пошта одағынан шығуы туралы өтініш беретіні туралы айтылған. Сондай-ақ  Трамп мемлекеттік департаменттің «мүмкіндігінше тезірек, бірақ 2020 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей» АҚШ тарапынан жеке пошта алымдарын орнату қажеттілігі туралы ұсынымын мақұлдады.