АҚШ пен Оңтүстік Корея еркін сауда туралы жаңа келісімге қол қойды

18
еркін
Фото: cnn.gr

Алматы. 25 қыркүйек. 7kun.kz – АҚШ пен Оңтүстік Корея еркін сауда туралы жаңа келісімге қол қойды, деп хабарлайды abctv.kz.

Трамптың айтуынша, қайта қарастырылған шарт бюрократияны азайтып, екі елдің әл-ауқатын арттырады. Ақ үй жетекшісі осы кездесуі арқылы АҚШ пен сауда келісімін жасасқан елдермен қарым-қатынасты қайта қарағысы келетінін аңғартты.

«Бұл екі ел үшін де тамаша күн, тарихи сәт! Америка халқының алдында берген уәдем бар еді. Ол – барлық сауда келісімдерін қайта қарау. Біз нағыз адал, өзара тиімді қарым-қатынасты қолдаймыз. Сол себепті бұрынғы келісімге өзгеріс енгізіп, оны біраз жаңарттық», — дейді Дональд Трамп.