АҚШ-та 800 мың мемлекеттік қызметкер жалақысыз қалды

27
АҚШ
Фото: Trend.Az

Алматы.  14 қаңтар. 7kun.kz –  АҚШ-тың федералдық мекемелері (шатдаун) бөлігі жұмысының тоқтауынан бірнеше жүз мың қызметкер уақытында ақшалай төлем ала алмады. Бұл туралы Associated Press (AP) агенттігі хабарлады.

AP мәліметтері бойынша, 800 мың мемлекеттік қызметші, олардың жартысынан астамы әлі де өз міндеттерін атқарып келеді, жұма күні жалақысын алмаған.

AP өкілдері АҚШ әкімшілігі федералдық мекемелердің жұмысын тоқтату ұзақтығы бойынша рекорд орнатуға жақын екенін атап өтті.

Мексика шекарасындағы қабырғаның құрылысын қаржыландыру туралы келіспеушіліктерге байланысты АҚШ әкімшілігінің жұмысы 2018 жылдың 22 желтоқсанынан бастап ішінара тоқтатылды. Американың Федералдық мекемелерінің бір бөлігінің жұмысын тоқтату нәтижесінде америкалық экономиканың шығындары аптасына шамамен $1,2 млрд болып отыр.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикамен шекара қабырғасының құрылысын қаржыландыру туралы Конгреспен келісімге келмесе, елде төтенше жағдайды жариялауға толық құқылы екендігін мәлімдеді.