АҚШ-тың мемлекеттік қарызы рекордтық көрсеткішке жетті

мемлекеттік
Фото: rostovgazeta.ru

Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz – АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 22 трлн доллардан асып түсті, — деп жазады Kursiv.kz.

АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, елдің мемлекеттік қарызы 22 трлн доллардан асып түсті, ал 2019 жылдың ақпанынан бастап бұл көрсеткіш 90 млрд доллардан асты.

Бұған қоса, соңғы он бір айда мемлекеттік қарыз бір триллион доллардан астам өсті.

2018 қаржы жылында АҚШ-тың бюджет тапшылығы 17%-ға өсіп, 779 млрд долларға жетті. 2020 жылға қарай ол триллион доллардан асады, ал мемлекеттік борыш өсуді жеделдету үрдісін сақтап қалады деп болжанып отыр, себебі үкіметтің шығыстары еш бақыланбайды.