Ақтауда пышақ жарақатынан полиция қызметкері қаза тапты

Ақтау. 4 тамыз. 7kun.kz –Ақтау қаласы ювеналдық полициясының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz lada.kz-ке сілтемемен.

Қайғылы оқиға 3 тамызға қараған түні болған. Сағат 03:50 шамасында мойын тұсына алған жарақатпен полиция қызметкері облыстық ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болған.

«Пышақталған учаскелік полицей жансақтау бөлімінде есін жимастан қаза болды. Қазір бұл іске күдікті 27 жастағы ер адам ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді Маңғыстау облыстық полиция департаменті өкілдері.

Қайғылы оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демалысында болған.

Полицейлер 27 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша Ақтау қалалық ІІБ-ның ТЖД-на тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.