Ақтөбеде «Қамқор баспана» және «Жас арман» өнімдері іске қосылды

86
Фото: tengrinews.kz

Алматы. 8 қазан. 7kun.kz – Ақтөбеде «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана алу жолдары жеңілдетілді. Өңірде «Қамқор баспана» және «Жас арман» өнімдері іске қосылды.

«Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында соңғы салынған үйлер қазір «7-20-25» бағдарламасымен беріле бастады.

Жас отбасылары мен мемлекеттік қызметшілер және жекелеген санаттағы адамдар үшін алғашқы жарна екі есеге азайды. Ол үшін жергілікті әкімдік 20% жарнаның жартысын субсидиялау мақсатында 2 млрд теңге қаржы бөлетін болды.

Өңірде бұл бағдарлама бойынша 24 мың адам пәтер алуға ниетті болса, 100-ге жуық  адамның құжаты қабылданды. Елбасының тікелей қолдауымен қолға алынған бағдарлама бойынша өңірде 870 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылуға тиіс.

Жалпы облыс халықты қолжетімді баспанамен қамту жағынан көш бастап тұр.