Ақтөбеде қаза болғандардың отбасыларына 5 млн теңге беріледі

Фото: nur.kz

Ақтөбе облысының басшылығы террорлық әрекет салдарынан көз жұмғандардың отбасыларына берілетін материалдық көмектің көлемін арттыру туралы шешім қабылдады. Оларға 5 миллион теңгеден берілетін болады, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары Ақапарат агенттігі.

Сондай-ақ, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері 5 маусымда Ақтөбеде қаза тапқандар мен жапа шеккендердің отбасыларына қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, vlast.kz хабарлады. Хабарламаға сәйкес, бюро қызметкерлерінің бір күндік жалақы есебіндегі қаражат тиісті есепшоттарға аударылады.

Айта кетейік, 9 маусым — Қазақстанда Ақтөбедегі теракт кезінде қаза болғандарды аза тұту күні болып жарияланды. Бұл күні барлық мекемелердегі Қазақстанның Мемлекттік Туы мен республиканың әскери күштерінің тулары төмен түсіріледі. Отандық телеарналар мен радиолар ойын-сауық бағдарламаларын тоқтатады. Сондай-ақ осы күні теле-радиоканалдардағы жарнамаларға тыйым салынады.