«Қарқара» және «Студент» сауда орталықтары сүріледі

Алматы. 25 қаңтар. 7kun.kz — Алматының «Қарқара» және «Студент» сауда орталықтары осы жылы сүрілетін болады. Бұл жөнінде «Алматы» арнасы хабарлайды.

Олардың орнына жаңа заманауи павильондар пайда болады. Сауда орындарының аумағы шамамен 4 есе үлкейтілмек. Бұл Қазақстанның «Атакент» іскери серіктестігін жаңғыртудың бірінші кезеңі ғана. Осы жобаның аясында бұл жерде ойын алаңдар, жүгіру және велосипед жолақтары, теннис корты бар спорт кешендері де салынады. Орталықтың аумағында шағын және орта бизнестің кем дегенде 20 жобасы бастау алады. Сәйкесінше, жүздеген жұмыс орындары ашылады.