Қарағанды облысында жарық диодты шам зауыты салынады

Қарағанды. 18 шілде. 7kun.kz — Қарағанды облысындағы «Сарыарқа» АЭА аумағында көшелерге арналған жарық диодты шамдар құрастыру зауытын салу жоспарланып отыр. Жоба құны 121 млн теңгеге жуықтайды, деп жазады BNews.kz.

«Сарыарқа» АЭА аумағында жарық диодты шамдар құрастыру зауытының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Жоба құны 121 млн теңгеден асады», — деп мәлім етті өнеркәсіп және ИИД басқармасының басшысы Төлеген Игембаев.

Аталған зауыт жылына 10 000 шам шығаруды жоспарлауда. Кәсіпорында 25 адам еңбекпен қамтылмақ. Жобаны 2016 жылы жүзеге асыру көзделіп отыр.

Өнеркәсіп басқармасынан мәлімдегендей, аталған өндірістің іске қосылуының арқасында ҚХР өндірісінен шыққан жарық диодты шамдарды отандық әрі жоғары сапалы шамдар алмастырады.