Қарағандыда жалған ақша жасайтын цех анықталды

жалған ақша
Фото: tengrinews.kz

Қарағанды. 9 тамыз. 7kun.kz — Қарағанды облысында жалған ақша жасайтын цех анықталды. Бұл туралы мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жедел іздеу шараларын жүргізу кезінде  Қазақстан Респебликасының ұлттық банкноттарын жасаумен айналысқан тұлға анықталды. Жалған ақша Степной-2 шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде жасалған»  — делінген хабарламада.

Департаменттің мәліметінше ,оқиға орнынан қолдан жасау белгілері бар 2000 номиналды банкнот тәркіленді. Қылмыстық істі тергеу барысында күдікті ұзақ уақыттан бері жалған ақша жасаумен айналысып келгендігі анықталды.

Қазіргі уақытта,қҚылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.