Қарағандылық кремний зауытының директоры Франциядағы әуе апатында қаза тапты

Қарағандылық кремний зауытының директоры Франциядағы әуе апа

Францияда апатқа ұшыраған Germanwings компаниясының ұшағында қарағандылық «Tau-Ken Temir» ЖШС директоры Ербол Иманқұлов болған. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімшілігі хабарлайды.

«Ербол Иманқұлов «Tau-Ken Temir» ЖШС директоры болып қызмет атқарған болатын», — деді облыс әкімшілігі өкілі.

Аталған кәсіпорын Қарағандыда металлургиялық кремний өндіру зауытын басқарды.Аталған кәсіпорынның құрылтайшысы — «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ.

Қазақстанның СІМ мәліметтері бойынша, Францияның оңтүстігінде болған ұшақ апатында ҚР үш азаматы қаза тапты.

Германиялық Germanwings әуе компаниясының Барселонадан Дюссельдорфқа бара жатқан ұшағы сейсенбі күні Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған болатын. Ұшақтағы 144 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі қаза болды.