Экономика
Выбор редактора
Регионы
Қарағандылық кремний зауытының директоры Франциядағы әуе апатында қаза тапты
Францияда апатқа ұшыраған Germanwings компаниясының ұшағында қарағандылық "Tau-Ken Temir" ЖШС директоры Ербол Иманқұлов болған. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімшілігі хабарлайды.
"Ербол Иманқұлов "Tau-Ken Temir" ЖШС директоры болып қызмет атқарған болатын", - деді облыс әкімшілігі өкілі.
Аталған кәсіпорын Қарағандыда металлургиялық кремний өндіру зауытын басқарды.Аталған кәсіпорынның құрылтайшысы - "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ.
Қазақстанның СІМ мәліметтері бойынша, Францияның оңтүстігінде болған ұшақ апатында ҚР үш азаматы қаза тапты.
Германиялық Germanwings әуе компаниясының Барселонадан Дюссельдорфқа бара жатқан ұшағы сейсенбі күні Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған болатын. Ұшақтағы 144 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі қаза болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024