Араб елдері Кеден одағын құрады

Араб
Фото: nytimes.com

Алматы. 21 қаңтар. 7kun.kz – Бейруттағы Араб Мемлекеттері Лигасының саммитінде Кедендік одақ пен Араб еркін сауда аймағын құру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Росбалт хабарлайды.

Араб Одағының Бас хатшысының орынбасары Хусам Заки біріктірудің мақсаты 20 араб елінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың үйлесімді дамуы болатынын айтты.

Аймақ экономикасы үшін тағы бір маңызды шешім Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясының бірлескен криптовалюта құру ниеті болды.

Саммитте Сирия босқындарының мәселесі де талқыланды, Ливанның Сыртқы істер министрі Гибрен Базил өз пікірін білдірді. Ол қазіргі көші-қон дағдарысын Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғынан бастап ең нашар деп атады, оның зардабы араб елдерінің көбіне сезілді.