Армения ЕАЭО нарығына енді

Армения ЕАЭО нарығына енді.......................................................

Армения Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) қызметтерінің ортақ нарығына қол жетімділікке ие болды деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) баспасөз қызметі.

«ЕЭК секторлардың бекітілген тізімінің аясында ЕАЭО қызметтерінің ортақ нарығына Арменияны қосу туралы өкімді мақұлдады», — делінген ЕЭК хабарламасында.

Мұндай инженерлік қызметтер, қала құрылысын жобалау, жарнама, аудит саласындағы қызметтер, сонымен қатар жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтер, туропретаорлардың қызметтері, геологиялық жұмыстар, бухгалтерлік есептерді жасау және т.с.с. секторлар туралы айтылады.

Бұған қоса, ЕЭК 2014 жылғы Беларусь, Қазақстан және Ресей бюджеттерінің арасындағы кедендік әкелім бажының бөлінуі туралы ақпаратты берді.

2014 жылы Ресей бюджеті кедендік әкелім бажының 87,97%-ын ($17 млрд) алған, Қазақстан — 7,33% ($1,4 млрд), Беларусь — 4,7% ($0,9 млрд).