Армения Лиссабоннан Владивостокқа дейінгі еркін сауда аймағы туралы идеяны қолдады

Армения Лиссабоннан Владивостокқа дейінгі еркін сауда аймағы ту

Еуразиялық экономикалық одақ дамуының соңғы нүктесі Еуроодақпен бірлесіп еркін сауда аймағын құру болуы мүмкін, бұл аймақтағы барлық елдердің мүддесінен шығады деп санайды Арменияның сыртқы істер министрі Эдвард Налбандян.

«Аталған жоба бүгін-ертең болмаса да, алдағы уақытта іске асуы мүмкін, себебі ол аймақтағы барлық мемлекеттерге өз пайдасын әкеле алады. Бәріне ортақ, қауіпсіз, Лиссабоннан Владивостокқа дейінгі еркін сауда аймағын құру туралы идея жаңа келген жоқ, ол түрлі жерлерде айтылып жүрді. Мұны жүзеге асыруға барлығымыз да мүдделіміз», — деді ол словениялық «Dnevnik» газетіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар, министр Арменияның Еуразиялық одаққа мүшелігі стратегиялық маңызға екенін атап өтті. «Бұл қорғалған тауар нарыұтарына енуді оңтайландырып, инвестиция тартуға, жеңілдікпен түрлі ресурстарды, транспорттық дәліздерді пайдалануға, тауардың, капиталдың, қызмет түрлерінің, адамдардың еркін жүріп-тұруына мүмкіндік береді. Артықшылықтары айқын көрініп тұр», — дейді Э.Налбандян.