«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында апат болды: 5 кенші көз жұмды

Қарағанды облысы. 3 қараша. 7kun.kz – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасында газ апаты болып, 5 кенші қаза тапты. Ал тағы төрт адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Қайғылы оқиға түнгі 3-те Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада болды. Газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау жұмысы жүргізіліп жатқан. Төрт адам ауруханаға жатқызылды. Бір жұмысшыны іздеу жалғасуда», – деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Облыс әкімдігі өкілдерінің айтуынша, газ шыққан кезде шахтада 106 адам болған. 101 кенші жер бетіне көтерілген. Ал көтеру құрылғысының жұмысын қамтамасыз ету үшін 5 адам қалған.

Оқиға орнында апаттық-құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.

Аталған жағдай бойынша ҚР ҚК-нің 277-бабы («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі аттанды.