Қаржы сауаттылығы жоғары адамның бейнесі қандай болады?

982
қаржы
Фото: 3vash.tetril.ru

Өзінің табысы мен шығындарының есебін жүргізеді
Яғни, қанша табыс тапқанын, ақша қайда жұмсалғанын, кіріс пен шығынның арасындағы айырманы біліп отыру керек. Ең маңыздысы – табыс пен шығынның айырмасында қолыңызда ақша қалуға тиіс. Сол ақшаны қаржылық мақсаттарыңызға жету үшін сақтап, көбейте білу қажет.

Тапқан табысынан азырақ жұмсайды
Қаржылық сауаттылығы жоғары адамның мойнында несиесі болмайды. Үнемшіл болады. Қолында қалған ақшасын жинақтап, көбейтуге тырысады.

Қаржы әлемінде жақсы бағдар ұстана алады
Ақпаратты қайдан алуға болатынын біледі. Әрине, бәрін қадағалап отыру мүмкін емес, дегенмен, қаржы сауаттылығын арттыратын ақпараттарды қайдан алып, қалай пайдалануға болатынын біледі.

Қаржы қызметтерін саналы түрде таңдай алады
Ақшаңыздан айрылып қалмау үшін, қаржы ұйымдарының сенімділік деңгейін қадағалап отыру керек.

Қаражат қоры бар
Аяқ астынан ақша керек болып қалғанда қиналмайтындай, шағын болса да жинағы бар. Қаржы сауаттылықтың ең маңызды қағидаларының бірі де осы. Ұзақ уақытқа жұмыссыз қалып, науқастанып, жұмысқа шыға алмай қалуыңыз мүмкін, ал қордағы ақшаңыз сол кезеңнен қиналмай, қысылмай шығып кетуге мүмкіндік береді.

Қаржы қызметтерін пайдалануда өз құқықтарын біледі
Қаржы сауаттылықтың түп-негізі – ең алдымен, ақшаға деген дұрыс қатынас. Ақшаға тек тұтынушы ретінде ғана емес, басқарушы ретінде қарау керек. Жеке ақшам деп емес, жеке қаражатым деп қарап, ақшаға тәуелділіктен арылуға ұмтылуы керек. Ол тәуелділік көп адамда бар, ал адам керісінше, ақшаның басқаруында кетпей, ақшасын өзі басқаруы тиіс.

Мейірім Бақытжанова