Астана қаласында тағам өнімдерінің бағасы қымбаттады

Астана. 4 наурыз. 7kun.kz — Астана қаласында тағам өнімдерінің бағасы қымбаттады. Бұл туралы қала статистика комитеті хабарлады.

Ақпанда қант 9 пайызға, күнбағыс майы — 5,7 пайызға, қара байха шайы — 5,1 пайызға, сұлы жармасы — 5 пайызға, мәни жармасы — 4,8 пайызға, вермишель — 2,9 пайызға, макарон, түтік кеспе —  2,5 пайызға, тауық — 2 пайызға, тұздалмаған сары май — 1,7 пайызға, сүзбе, мәйекті ірімшік бағаларының 1,1 пайызға өскені байқалды.

Сонымен қатар бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан — 2,7%-ға, өсімдікті-сары май — 0,8%-ға, бірінші сұрыпты ұн — 0,7%-ға,  жоғары сұрыпты бидай ұны — 0,6%-ға арзандады. Көкөністерден аққауданды орамжапырақ — 4,9%-ға, қызанақ — 3,9%-ға, қияр 2,1%-ға қымбаттап, картоп 5,4%-ға арзандады.