Астана. 4 наурыз. 7kun.kz - Астана қаласында тағам өнімдерінің бағасы қымбаттады. Бұл туралы қала статистика комитеті хабарлады.
Ақпанда қант 9 пайызға, күнбағыс майы - 5,7 пайызға, қара байха шайы - 5,1 пайызға, сұлы жармасы - 5 пайызға, мәни жармасы - 4,8 пайызға, вермишель - 2,9 пайызға, макарон, түтік кеспе - 2,5 пайызға, тауық - 2 пайызға, тұздалмаған сары май - 1,7 пайызға, сүзбе, мәйекті ірімшік бағаларының 1,1 пайызға өскені байқалды.
Сонымен қатар бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан - 2,7%-ға, өсімдікті-сары май - 0,8%-ға, бірінші сұрыпты ұн - 0,7%-ға, жоғары сұрыпты бидай ұны - 0,6%-ға арзандады. Көкөністерден аққауданды орамжапырақ - 4,9%-ға, қызанақ - 3,9%-ға, қияр 2,1%-ға қымбаттап, картоп 5,4%-ға арзандады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024