Астана Банкі БЖЗҚ алдындағы қарызын толық өтеді — Ұлттық банк

толық
Фото: 24.kz

Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz – Астана Банкі БЖЗҚ алдындағы зейнетақы активтері бойынша міндеттемелерін толық өтеді, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

2016 жылы «БЖЗҚ» АҚ-тың зейнетақы активтері «Бизнестің жол картасы 2020» сияқты мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау үшін екінші деңгейдегі банктердің негізделген депозиттеріне нарықтық талаптармен инвестицияланды. «Астана Банкі» АҚ-тың негізделген депозиттеріне инвестициялардың көлемі жылдық 15,2% сыйақы мөлшерлемесімен 8,0 млрд теңгені құрады.

2016 жылдан басталатын кезеңде «Астана Банкі» АҚ «БЖЗҚ» АҚ алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігін мерзімінен бұрын өтеді.

2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Астана Банкі» АҚ-тың «БЖЗҚ» АҚ алдындағы негізделген депозиттер бойынша берешегінің қалған сомасы 3,2 млрд теңгені құрады.

Қазіргі кезде «Астана Банкі» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-тың зейнетақы активтері есебінен орналастырылған негізделген депозиттер бойынша міндеттемелерін толық орындады.

Осылайша, қазіргі кезде «БЖЗҚ» АҚ-тың зейнетақы активтерінің портфеліндегі «Астана Банкі» АҚ-тың қаржы құралдары жоқ.