Astana Group президенті Mega-ны жалға алушыларға үндеу жолдады

676
Фото: "Mega Mаnagement" баспасөз қызметі

Төтенше жағдай кезінде MEGA сауда орталықтары жалдау ақысын есептемейді. Бұл туралы Astana Group президенті Нұрлан Самғұлов айтты, деп хабарлады «Mega Mаnagement» компаниясының баспасөз қызметі. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын және орта бизнесті қолдау туралы үндеуіне орай, «Mega Mаnagement» компаниясы жалдау ақысын алмайды, пайдалану және коммуналдық шығындар үшін шот жібермейді.

«Біз СОО қызметін тоқтата тұру кезеңіне пайдалану және коммуналдық шығындар үшін шоттар шығармаймыз. «Mega Mаnagement» осы шығындарды өзіне алады. Біз әлеуметтік-жауапты компания ретінде шешім қабылдадық және бұл бастама ерікті болып табылады. Егер қаласаңыз — бұл біздің азаматтық ұстанымымыз. Біз қалыптасқан жағдайдың барлық ауыртпалығын өзіміз сезінеміз, өйткені Қазақстанның бүкіл бизнесі сияқты жағдайға тап болып отырмыз, сондықтан да біздің серіктестерімізге қолдау көрсеткіміз келеді», – деп мәлімдеді MEGA СОО желісінің иесі Нұрлан Смағұлов.

Анықтама:

MEGA — Алматыдағы MEGA Alma-Ata және MEGA Park екі СОО және Нұр-сұлтандағы MEGA Silk Way кіретін Қазақстандағы әлемдік деңгейдегі ірі сауда ойын-сауық орталықтарының желісі. MEGA СОО желісінің жалпы ауданы 425 852 шаршы метрді құрайды, жалға алушылар саны — 650. MEGA желісінің бірінші СОО 2006 жылы ашылды.