Астана хостелдері көрме кезінде 22 мыңға жуық қонақты қабылдады

318
Астана хостелдері
Фото: 7kun.kz

Астана. 15 қыркүйек. 7kun.kz – Астана хостелдері «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде 22 мыңға жуық қонақты қабылдады. Бұл туралы «Астана конвеншн бюро» ЖШС бас менеджері Марат Әлмағанбетов мәлімдеді деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Меймандардың көпшілігі хостелдерді қолжетімді бағасы, орналасқан жері мен көрсеткен қызметіне байланысты таңдады. Көрмеге дайындық барысында Астанада 95 хостел жұмыс істеген. Олар 4500 жатын орынға есептелген еді», — деді М.Әлмағамбетов.

Оның айтуынша, көрмеге келген туристер мен қонақтарға ыңғайлы болу үшін Астана әкімдігінің брондау бөлімінің колл орталығы жұмыс істеген. Көрме аяқталған соң, орталық та жұмысын тоқтатқан.

Айта кетейік, 2017 жылдың басынан халықаралық көрмеге орай Астанада 56 жаңа хостел ашылған.

Айгүл Хожантаева