Астана несие төлеу қабілеттілігін жоғарылату халықаралық рейтингіне кірді

халықаралық
Фото: expert.ru
Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz — Moodys Халықаралық рейтинг агенттігі Астананың инвестициялық және несиелік әлеуетінің болжамын «тұрақты» деп өзгертті. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сарапшылар ағымдағы баланс пен қаланың экономикалық дамуы көрсеткіштерінің талдау нәтижелері бойынша Астана рейтингін Ваа3 деңгейінде растады.
Агенттіктің мәліметі бойынша, Астанада несие төлеу қабілеттілігі деңгейінің өзгеруіне келесі жағдайлар әсер еткен: «ағымдағы бюджеттің іске асырылуының жоғары көрсеткіштері, қарыздың төмен пайыздық деңгейдегі көрсеткіші, қайта несие рәсімдеуде жоғары емес пайыздар, жергілікті инфрақұрылымға үкіметтік қаржыландырудың айтарлықтай көлемдері, қаланың қарқынды экономикалық дамуы».
Сондай-ақ жүйелік қысымның азаюы атап өтілді.