Астана әуежайында жолаушы тасымалы 19 пайызға өсті

әуежай
Фото: inform.kz

Алматы. 21 шілде. 7kun.kz —  2017 жылдың І тоқсанында Астана халықаралық әуежайы  1 млн 841 мыңнан аса жолаушыға қызмет көрсеткен. Аталған көрсеткіш 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 19 пайызға көп. Бұл туралы interfax.kz хабарлады.

Жолаушы тасымалы халықаралық желіде 36 пайызға, ішкі желіде 12 пайызға артқан. Ішкі рейс — 1 млн 207 мыңнан аса,  ал халықаралық рейс — 633,426 мың адамды құрайды.

2017 жылдың қаңтар-наурызында  кетушілер саны — 919 мыңнан астам (17 пайызға көп), келушілер — 921,382 мың (22 пайызға көп) жолаушыны құрайды.

Ал тауар тасымалы 2017 жылдың І тоқсанында 1,7 есе өсіп, 6,715 мың тонна тауар жеткізген. Әуежай осы аралықта 12,957 рейс жасаған. Ал бұл 2016 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 8 пайызға көп.