Астана жер үсті метросының билеті қанша болады?

15
Астана жерүсті метросы
Фото: informburo.kz

Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz – Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі метрода жол жүру құны 1000 теңге шамасында (2,7 доллар) болады деген жеке сарапшылардың пікірін жоққа шығарды.

Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева әлеуметтік желілерде сарапшылардың LRT бойынша есептеген жол жүру құны шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.

«Қаржылық-экономикалық негіздеме әзірлеу кезінде билет құны 200 теңге (Ұлттық банк бойынша 0,5 доллар) болып  белгіленді», — деді ол.