
9 қаңтардан бастап Астананың 24 мектебінде 10-11 сынып оқушылары техникалық мамандық бойынша тегін білім ала бастады. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының жетекшісі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді.
Білім алу аяқталған соң оқушылар емтихан тапсырып, таңдаған мамандығы бойынша базалық білімін растайтын сертификат алады.
«Жоғарғы оқу орнына түсе алмайтын немесе оқығысы келмейтін, тестен қажетті балды жинай алмайтын балалар бар. Олар мамандықсыз қалмас үшін 24 мектептің 10-11 сынып оқушыларына техникалық мамандықты таңдауды ұсындық. Мектепті бітірген соң барлығының мамандығы болады", - деді ол.
Осылайша, 4, 7, 8, 13, 14, 18, 19, 24, 25, 28, 29, 34, 36, 37, 40, 41, 44, 45, 49, 53, 55, 57, 61, 69 нөмірлі мектептерде 10 сынып оқушылары үшін арнайы және қосымша дайындық сыныптары ашылды.
Э. Субханбердиеваның сөзінше, оқушыларды колледж мұғалімдері оқытады. Теория бойынша сабақ мектепте өткізілсе, тәжірибе бойынша коллджде өтеді. Сондай-ақ, қаланың білім басқармасы аталған білім беру арқылы бітірушілер жұмысқа тұра алатынына сенімді.
Фото: vlast.kz