Астанада электрокөліктерді қуаттайтын бірінші станция ашылды

296

Астана. 5 шілде. 7kun.kz — Күші 50 кВт-тың станция 24 кВттың аккумуляторды 15 минутта 30-80%ға дейін толтыруға қабілетті.

Compass АЗС + express market станциясы бұған дейін қазақстанда орнатылған баламаларына қарағанда өзгеше.  Ол 30 минут ішінде көлікті тоқпен қуаттауға  қабілетті. Әрі көлік иелері  ССS, CHAdeMO және Mode3 құрылғыларының кез-келгенін пайдалана алады.

Айта кетейік, қазіргі кезде қазақстанда 200-ден астам электрокөлік бар. Олардың көпшілігі әзірше тек ірі қалаларда ғана жүре алады.