Астанада ескі үйлер сүріледі

733
Астана

Астана. 8 наурыз. 7kun.kz — Астана билігі 50 жылдан астам уақыт бұрын салынған үйлерді сүруге кірісті. Биыл 1962 жылдары салынған қаладағы бірнеше тұрғын үй  сүріледі.

Қазір ғимаратты қоршау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үйдің кіреберісіне су кіріп, қазір тұруға жарамсыз болып қалған. Сарыарқа ауданы әкімі Арман Тұрлыбектің айтуынша, сүру жұмыстары алдын ала жоспарланған. Үй ТКШ жаңғырту бағдарламасына енгізіліп, оның тұрғындары жаңа үйге көшкен.

«Біздің ауданда 62 апатты үй сүрілмек», – деді әкім. Оның айтуынша, сүрілген үйдің орнына не салу керектігін сол ауланың тұрғындары шешпек. Қазір тұрғындар арасында сауалнама жүріп жатыр. Әзірге таңдау дүкен, сауық орталығы, гүлзар немесе басқа да нысан салу туралы жоба бар. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы осы аудандағы апатты 30 үй сүрілген еді.