Астанада коммуналдық қызмет тарифтері төмендеді

төмендеді
Фото: topnews.vn.ua

Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – Астанада электр, жылу, сумен жабдықтау, сондай-ақ кәріз қызметтері мен қоқыс шығару тарифтері төмендеді, — деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Коммуналдық шаруашылық ЖЭК қалалық басқармасының отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов хабарлағандай, 1 қаңтардан бастап Астанада электрмен қамтамасыз ету тарифі (ҚҚС-сыз) халық үшін 9,3%-ға (11,4 теңгеден 10,33 теңгеге дейін кВт/сағ), заңды тұлғалар үшін 9,18%-ға (16,01 теңгеден 14,54 теңгеге дейін кВт/сағ) төмендеді. Жылумен қамтамасыз ету тарифі (ҚҚС — сыз) жеке тұлғалар үшін 9,98%-ға төмендеді. 2 304,82 теңгеден Гкал-ға 2 074,81 теңгеге дейін; заңды тұлғалар үшін тариф өзгеріссіз қалды.

Тұрғындар үшін сумен қамтамасыз ету тарифі 10%-ға 41,26 теңгеден текше метр үшін 37,13 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) және су бұру (кәріз) тарифі 34,81 теңгеден текше метр үшін 31,4 теңгеге дейін төмендеді. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығару бойынша тарифтер 5%-ға төмендеді: абаттандырылған сектор үшін бір адамға 259,2 теңгеден 246,2 теңгеге дейін; жеке сектор үшін бір адамнан 276 теңгеден 262,2 теңгеге дейін.