Астанадағы жаңа экспресс-автобустарда жол ақысы 150 теңге болады

Астана қаласындағы жаңа экспресс-автобустарда жол ақысы 150 теңгені құрайтын болады. Бұл жөнінде «Астана LRT» ЖШС баспасөз-хатшысы Айгүл Жамалова хабарлады.

29 тамыздан бастап Астанада 5 жаңа экспресс-автобус жұмысын бастайды. Бұл шара Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Астана LRT» ЖШС -мен бірлесе отырып іске асырылып жатыр.

Осылайша бірнеше бағыт бойынша стандарт жолаушылар көлігін босатып, халық тығыз орналасқан аудандарды байланыстырмақ.

«Бұндай маршруттардың басты артықшылықтары — аялдамалар санының аздығы, уақытты үнемдеу, жағдай жасалуы және теникалық тұрғыдан қауіпсіздіктің мықтылығы», -дейді Айгүл Жамалова.

Мынадай нөмірлі автобустардың қозғалыс кестелері анықталып қойған:  100, 101, 102, 103, 104.

 

Экспресс-автобустарды жолақысы — 150 теңге. Жеңілдігі бар азаматтарға тегін, ал мектеп оқушыларына 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.

Аталған тарифтің курс өзгеруміен ешқандай байланысы жоқ дейді баспасөз-хатшысы. Бұл баға оған дейін белгіленіп қойған.

Ақпарат көзі: Tengrinews.kz