Астана қаласындағы жаңа экспресс-автобустарда жол ақысы 150 теңгені құрайтын болады. Бұл жөнінде "Астана LRT" ЖШС баспасөз-хатшысы Айгүл Жамалова хабарлады.
29 тамыздан бастап Астанада 5 жаңа экспресс-автобус жұмысын бастайды. Бұл шара Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен "Астана LRT" ЖШС -мен бірлесе отырып іске асырылып жатыр. Осылайша бірнеше бағыт бойынша стандарт жолаушылар көлігін босатып, халық тығыз орналасқан аудандарды байланыстырмақ. "Бұндай маршруттардың басты артықшылықтары - аялдамалар санының аздығы, уақытты үнемдеу, жағдай жасалуы және теникалық тұрғыдан қауіпсіздіктің мықтылығы", -дейді Айгүл Жамалова. Мынадай нөмірлі автобустардың қозғалыс кестелері анықталып қойған: 100, 101, 102, 103, 104. Экспресс-автобустарды жолақысы - 150 теңге. Жеңілдігі бар азаматтарға тегін, ал мектеп оқушыларына 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Аталған тарифтің курс өзгеруміен ешқандай байланысы жоқ дейді баспасөз-хатшысы. Бұл баға оған дейін белгіленіп қойған. Ақпарат көзі: Tengrinews.kzТэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024