Астанада жылжымайтын мүлік нарығы 39,4 пайызға өсті

263
жылжымайтын
Фото: Forbes.kz
Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz — 2017 жылы Қазақстанның жылжылмайтын мүлік нарығындағы сатып алу және сату көлемі 28,6 пайызға өсті деп хабарлайды LS. 

2017 жылдың қаңтар-қараша аралығындағы жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу көлемі 220,7 мыңнан асқан. Астанадағы баспананы сату деңгейі 39,4 пайызға өскен, Атырау облысындағы жағдай 35,4 пайызды көрсетіп тұр. Ал Алматыда бар-жоғы 21,2 пайызға жоғарылаған.

Нарық солтүстік аймақтарда дамып келеді. СҚО-да жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату деңгейі 47 пайызға өскен. Бір ғана қараша айында Қазақстан бойынша 20,5 мың келісімшарт жасалған.