Астананың бюджет ашықтығының индексі соңғы 2 жылда нашарлады

606

Астана қаласы жергілікті бюджетінің ашықтығы индексі 27,14 баллды құрады. Бұл 2013 жылдың көрсеткішінен едәуір нашар және Қазақстанның барлық аумақтары бойынша орташа баллдан айтарлықтай төмен деп хабарлайды Ұлттық бюджеттік желісіндегі «Сандж» зерттеу орталығы.

Астана қаласы бойынша  жергілікті бюджеттердің ашықтығы индексінен (ЖБАИ)  мүмкін болатын 100 баллдан 27,14 баллды құрады. Бұл зерттелген барлық 14 аймақ және Астана мен Алматы қалаларының орташа баллынан (37,09) едәуір төмен. Астана қаласының индексі көрші аймақтардың – Ақмола облысы (43,81) – Қарағанды облысы (27,34) орташа баллынан төмен. 2015 жылы 27,14 баллды алып, Астана 2013 жылғы бюджет ашықтығы индексімен (36,9) салыстырғанда көрсеткішті едәуір төмендетті.

2013 жылы Астана 5-орынды, ал 2015 жылы – 14 орынды иеленді. Баға жергілікті органдардың қоғамға бюджет және жергілікті биліктің қаржылық қызметі жайлы аз ақпарат ұсынатынын көрсетеді. Яғни астаналықтар әкімдік қала қаражаттарын қалай басқаратынын бақылай алмайды. Бюджет жобасын жоспарлау мен іске асырудың ашықтығы төмен бағаланады — 20,7 балл.

Ең әлсіз жақ — қоғамның бюджет жобасын талқылауға қатысуы, қоғамды осы процесске тартудың іске асырылған механизмдері жоқ. Бюджетті қарастыру мен бекітудің ашықтығы – 30,3 балл. Қаржыны қарастыру бойынша маслихат тұрақты комиссиясының жұмысы қалай өтетіні жайлы ақпарат қолжетімсіз. Тұрақты комиссиядағы маслихат депутаттарының енгізген ақпараттары, протоколдар жоқ. Орындалу сатысындағы бюджет ашықтығы – 33,2 балл. Бюджетті орындау барысында бюджетте қабылданған өзгерістер және нақтылаулар бойынша ақпарат тұрақты жарияланады, алайда өзгерістер мен нақтылаулардың себептері түсініксіз. Зерттеу  нәтижесі бойынша, бюджеттік ақпаратты түсініктеулерсіз жалпылай ұсыну тенденциясы байқалуда. Ағымдағы бюджеттік жыл бойынша бюджеттің орындалуы жайлы тоқсандық есептер жоқ. Ертеректе олар жарияланып тұрған. Бюджеттің орындалуы жайлы жылдық есептің ашықтылығы – 24,1 балл.

Зерттеу кезеңінде (2015 ж. маусым) қоғамға соңғы жылда бюджеттің орындалуы жайлы тек жалпы ақпарат қолжетімді. Толық жылдық есеп жоқ, яғни ол бюджеттік жылдың аяқталғанынан соң 6 айдан көп уақыттан кейін жарияланады.

Жергілікті бюджеттердің ашықтығы индексін анықтау бойынша сауалнама (ЖБС) бірнеше нұсқасы бар 60 сұрақтан тұрады. Зерттеу Қазақстанның 16 аймағы бойынша 2015 жылдың сәуір-маусым айларында өткізілді.