Қасым-Жомарт Тоқаев: Нағыз исламшылдық қара киім, келте шалбар, ұзын сақал емес

Тоқаев
Фото: zakon.kz

Астана. 20 сәуір. 7kun.kz — ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің дінге қатысты айтқан пікірін қолдап, твиттердегі парақшасында жазба қалдырды.

«Нағыз исламшылдық бұл қара киім, келте шалбар, ұзын сақал емес, бұл имандылық, білімділік, еңбекқорлық, кеңшілік. Елбасымыз өте дұрыс айтты», — деп жазады Сенат Төрағасы.

Еске салсақ, 19 сәуірде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездескен. Онда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының өмірінде діннің ерекше рөл атқаратынын атап өтіп, жас ұрпақтың діни сауатсыздығына айрықша назар аударды.