Джеймс Алтучер: кәсіпкер сияқты ойлаңыз

Джеймс Алтучер: кәсіпкер сияқты ойлаңыз

Сіздің ойыңызда жақын арада бизнес бастау идеясы болса, атақты кәсіпкер әрі жазушы Джеймс Алтучердің кәсіпкерлерге арналған кеңестерін ұсынамыз.

1. Ірі идея. Бизнестің барлық кем тұстарын білгеніңіз жөн. Табысты кәсіпкер болуыңыз үшін сізде ірі идеялар болуы қажет. Өз салаңыздың ұсақ түйегіне дейін біліп, ірі идеяларды ұмытып жүрмеңіз.

2. Тоқтамай еңбек етіңіз, бірақ тапсырмаларды бөліп беріңіз. Мен үшін ең маңызды күн — барлық жұмысты өзім ғана істеуге міндетті емес екенімді түсінген кезім. Сосын жаныма көмекші алдым. Көмекшімнің арқасында 300 сағатта бітіретін жұмысты 90 сағатта (апта) аяқтадым.

3. Уәдені көп беріп, артық етіп орындаңыз. Сіздің жұмысыңыз болғандықтан әлемге қандай да бір уәде беруіңіз керек. Біз қашанда тұтынушыларға уәде бергенімізден де артық етіп қызмет көрсететінбіз. Тіпті, тұтынушылар сұрамаса да керек нәрселерді тегін үлестіретінбіз. Кейіннен кәсібіңіз ұлғайғанда тұтынушылармен аздап келіспеушіліктер орнауы мүмкін. Бірақ, сіз қайтадан тұтынушылармен қарым-қатынасты түзеткеніңізше ешқандай компания сізге қарсылас болуды ойламайды. Тіпті, сіздің жауларыңызды да кейін есіне алуы мүмкін. Сол үшін көп уәде беріп, артық етіп орындаңыз.

4. Әртараптандырыңыз! Әртараптандырыңыз! Әртараптандырыңыз! Мен өз бизнесімді құрғаныма бір жарым жыл болған кезде басқа да жұмыстарды жасап жүрдім. Өмір сүре алатын қаражатым барына сенімді болуым керек еді. Тәуекелге бара алмағандықтан, мақсатымды әртараптандырдым. Сіз жеке тәуекеліңізді азайтқанда, ең маңызды нәрсеге назар аударасыз. Ал маңыздысы не? Өзіңізге ұнайтын әрі өмір сүруге ғана емес, басқа да шығындарға жеткілікті қаражат беретін жұмыс істеу. Бұл қатты естілгенімен, ақиқат екені анық. Сізде артық ақша жоқ болғанына қорықпауыңыз керек. Мен табыстарымды да әртараптандырдым: менің жұмысым да, бизнесім де болды. Жұмысты да әртараптандырдым: программист болдым және телешоуда жұмыс істедім. Тіпті әңгімелерімнің жинағын шығару үшін өзіме агент жалдадым. Үнемі басқа да жұмысқа ұсыныстар қарап жүрдім. Сондай-ақ, біз бизнесті де әртараптандырдық: жаңа өнімдер жасап, жаңа тұтынушыларды тарттық.

5. Өз бизнесіңізді жақсы көруді де, жек көруді де біліңіз. Мен алғашқы табысты бизнесімді құрғанда үлкен құлшыныспен кірістім. Иә, маңызды шешім қабылдап, жаңа тұтынушыларды таба білу үшін де ерекше қабілетіңіз болуы керек. Бірақ уақыт өте келе бизнесімді тез әрі үлкен сомаға сатқым келді. Бірақ адамдар маған былай дейді: «Мен бизнесімді сатсам, кейін бәрібір бизнес ашып, қаржы табуыма тура келеді». Жоқ. Бұл қорқынышты емес. Жасаңыз. Жаңадан жасаңыз. Өз бизнесіңізді жақсы көріңіз, бірақ құндылығын жоғарылатпаңыз. Өйткені бизнес сізсіз де өмір сүре алады. Қанша жақсы көрсеңіз де, сатуға кез келген кезде дайын болуыңыз керек. Өз компанияңызға ғашық болмаңыз.

6. Сатыңыз! Мен сауда туралы ештеңе білмедім. Үйрене келе түсінгенім, менің саудаға деген табиғи икемділігім бар екен. Сауда-саттық туралы миллиондаған кітап бар. Оларды оқи отырып, пайдалы екенін түсінесіз. Бірақ, мен әрбір кәсіпкердің бойында болу керек негіздерді ұсынамын.

а) Тартымдық. Тауарларыңызды, тұтынушыларыңызды жақсы көріңіз. Тұтынушылармен тіл табысып, тыңдаңыз! Олардың үлкен және кішігірім мәселелерін шешіңіз. Мен веб-сайт жасап беруге тиіс болған компанияның осындай үлкен және кішігірім мәселесі болды. Үлкен мәселесі – бәсекелестік. Егер сізде жеке бизнесіңізге арналған сайт болмаса, бәсекелес компания сайты арқылы сізден үлкен аудиторияны тартып алуы мүмкін. Кішігірім мәселе – қаржы. Тіпті, үлкен компанияларда қаржы болмаған кездер болған. Сол үшін біз бәсекелестерімізге қарағанда ақшаны аз алып, компанияның қызметкерлеріне көмектесетінбіз. Оларға жақсы әсер қалдыру арқылы компанияның сайт жасауға бөлінетін қаржысын көбейтуге тырысатынбыз.

ә) Бәсекелестеріңізді ұсыныңыз. Бәсекелестердің ортасын сараптауда тұрған еш жаман нәрсе жоқ. Мен бұл туралы ешбір кітапта кездестірмедім. Сіз өзіңіздің болашақ тұтынушыңызға бәсекелестердің ортасын сараптап берген соң, олардың милары үлкен ойға батады. Сіз қызығушылық танытып отырған жақ болсаңыз да, оларға сіздің шын мәнінде көмек бергіңіз келіп отырғандай көрінесіз.

7. Жақтаушы табыңыз. Егер шешім қабылдап отырған адам немесе оның танысы сіздің жақтаушыңыз болмаса, сіз келісімге қол жеткізе алмайсыз. Егер сіздің жақтаушыңыз төмен дәрежелі жұмысшы болса, бұл ойыңыздан бас тартыңыз. Келісімге қол қойылмайды. Жоғары деңгейлі жақтаушыны қалай табуға болады дейсіз бе? Неғұрлым көп байланыс нүктелерін табу. Ортақ қызығушылықтар, ұқсас мақсат және т.б. Олардың өмірін жақсарту — басты мақсатыңыз екенін түсінуі қажет.

8. Ешқашан ашуланбаңыз. Мен бизнеспен айналыса бастағанда тұтынушыларым, қызметкерлерім, акционерлерім, серіктестерім, бесекелестерім, барлығы дерлік жүйкеме тиетін. Бірақ, мен оларға ешқашан ашулана алмаймын. Өмір + Ашу< Өмір. Ашудан қалай құтылуға болады дейсіз бе? Ашу – қорқудан туындайды. Өз-өзіңізден «мен неден қорқамын?» деп сұрап көріңіз. Сіз тұтынушыларым кетеді деп қорқуыңыз керек пе немесе менің ең мықты жобаммен серіктесім келіспей қояды деп қорқуыңыз керек пе? Жоқ, шындығында қорқынышпен бизнес жүргізудің қажеті жоқ. Сол үшін сіз тұтынушыңыз сізден кеткендегі, қызметкерлеріңіз дұрыс жұмыс жүргізе алмаған жағдайдағы жоспарыңызды құрып қойыңыз. Иә, адамдардан әрдайым үлкен үміт күтудің қажеті жоқ.

9. «Иә» мен «жоқты» айтып үйреніңіз. Бизнесті ең алғаш бастағанда сұрақтарға «иә» деп жауап бердім. Барлық тұтынушының арыз-талабы дұрыс сияқты көрінетін. Олардың айтқан бағасына келісетінмін. Сосын мен «жоқ» деп айтып та үйрендім. Себебі, адамдар тек қана дұрыс қадамдарға бара бермейді.

10. Ақшаңызды босқа шашпаңыз. Шынайы бизнестің кезеңдері бар. Егер сіз ақшаны үнемдей алсаңыз, дағдарыстан шыға аласыз. Мысалы, мен ешқашан хатшы жалдаған емеспін. Ал кеңсені 40 адам үш кабинетте отырған кезде ғана ауыстырдық. Егер сіздің бизнесіңізге инвесторлар қаражат құйып отырса, бұл пункті ескермеңіз. Ал олай болмаса, сіз тапқан ақшаңызды аз жұмсауыңыз керек. Алғашында біз не істеп жүргенімізді түсінбедік. Өйткені бухгалтерлік жұмыстарды да, кіріс пен шығыстың есебін түсінбедік. Есеп — жақсы бизнестің көркі және ол бизнесті күштірек етеді. Ойыңызда: «Осы айдың кірісі алдыңғы айдан қанша пайызға көп?» деген сұрақ жүру керек.

11. Барлығы: «өз бизнестері әлемде ең мықты, ал жұмысшылары өз істерінің мықтылары» — деп ойлайды. Бұлай ойламау өте қиын. Сіз бұл ойыңыз дұрыс емес екенін біле тұра, осылай ойлауды жалғастыра бересіз. Кейде менің бірінші компаниям жасаған сайттарға қарап, олардың қаншалықты нашар екенін түсінемін. Үнемі артқа қадам жасай білу керек. Әрдайым жан-жақтағы жағдайға қарап, сіз және компанияңыз қандай деңгейде екенін біліп отыруыңыз қажет. Өз ой-санаңызды «біз ең мықтымыз» дегенге емес, тек алға ұмтылуға, бұдан да көп нәрселерді ұсынуға икемдеңіз.

12. Ләззат алыңыз! Ең алғашқы кәсібімді әпкем екеуміз бастадық. Әпкем – жазушы, күйеуі – суретші, сондай-ақ, бізде тағы бір серіктесіміз – фотограф болды. Шынында, біз ештеңенің байыбына бармадық. Тек қана саттық, жұмыс істедік, қайта алдық, қайталадық. Біздің қаржымыз миллионға жеткенше көп нәрсені үйренуге тура келді. Қашан да толықтай жұмыс істедік. Сол кездегі біздің бәсекелестеріміздің көбісі кәсібін жүргізе алмады. Ал біздің еңбегіміз ақталды. Біз көп уақытымызды бірге өткіздік. Өз ісімізден ләззат алдық. Бір-бірімізді қолдадық. Бірақ, білесіздер ме? Серіктестік – ол жаныңдағыларды құртып тынбайынша қарыштап жанған от сияқты. Сол үшін қазір біз бір-бірімізбен сөйлеспейміз. Мен оларды сағынамын…

Джеймс Альтушер — америкалық  хедж-фонд менеджері, кәсіпкер, көптеген бестселлерлердің авторы. 20-дан астам компанияның негізін салушы.