«Атамекен» мен денсаулық сақтау министрлігі меморандумға қол қойды

Алматы. 25 маусым. 7kun.kz — «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасында өзара байланыс туралы меморандум жасалды, деп хабарлайды atameken.kz.

Құжатқа «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қол қойды.

«Атамекен» ҚР ҰКП 5 жыл ішінде бизнес, мемлекет және квазимемлекеттік сектор өкілдері үшін денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мәселелерін барлық деңгейде талқылауда тиімді диалог алаңына айналды.

Мұнымен қоса орын алған мәселелерді тиімді шешу үшін, жалпы медицина саласын дамытуда Ұлттық палата мен салалық мекеменің өзара байланысын нығайту қажеттілігі бар. Елжан Біртанов атап өткендей, Денсаулық сақтау министрлігі саланы дамытуда ауқымды жұмыс атқарып келеді. Алайда реттейтін, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнестің күш салу арқылы шешетін мәселелер қордаланып қалған.

«Меморандумды жүзеге асыру аясында корпоративті басқару мен менеджмент қағидатын енгізуге «Атамекен» мен бизнестің қатысуын күшейту керек. Медициналық мекемелердің бақылау кеңестеріне Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін кіргізу ұсынылды. Оның аясында бірлескен ынтымақтастық бойынша бірқатар іс-шара қарастырылды, оның ішінде денсаулық сақтау мәселесі де бар», – деп атап өтті министр.

Мұнымен қоса, министр дәрімен қамтамасыз ету, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық қызмет көрсетуді қайта реттеу және дамыту бағыттары бойынша денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында құрылған ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің уәкілеттігін кеңейтуге уәде берді: мүшелерге медициналық мекемелердің қызметі мен жиналыс өткізу туралы өтінімдерді жолдау мүмкіндігі қарастырылады.

«Ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асырудың Жол картасы аясындағы іс-шаралар алты бағыт бойынша: денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесін,  жетілдіру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, цифрландыру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті, фармацевтика саласын, медициналық қызмет және медициналық туризм және медицина мамандарын дайындауды дамытуда жемісті еңбек етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Абылай Мырзахметов.