«АТФБанк» наразы тұтынушылары үшін кері байланыс арнасын ашты

«АТФБанк» Алматы қаласындағы тұтынушылары үшін кері байланыстың жаңа арнасын ашты. Енді әдепсіз қарым-қатынасқа кезіккен немесе өз кезегін ұзақ күткен адам шағым үшін осы арнаны пайдалана алады.

8 қыркүйектен бастап банктің Алматы қаласы бойынша барлық бөлімшелерінде жедел байланысқа арналған арнайы нөмірлері көрсетілген плакаттар орналастырылды. Қызмет көрсетуге байланысты проблема туындаған жағдайда, бөлімшеде отырып-ақ, көрсетілген нөмірлер бойынша қоңырау шалуға болады. Банк қызметкерлерінің айтуынша барлық шағымдарды жинақталады, өтініштер назардан тыс қалмайды.

«Бизнес-процестерді басқара отырып, біз клиенттік сервисті жақсарту бойынша жұмысты ұдайы жүргіземіз, – дейді АТФБанктің Атқарушы директоры Сергей Коваленко. – Бұл бағытта көп нәрсе жасалды, енді біз клиенттердің тілектеріне құлақ асу үшін заманауи құралдың тағы біреуін іске қостық. Сол арқылы, клиент шынайы уақыт режимінде қызмет көрсету сапасын бағалай алады. Кері байланыстың арқасында, біздің сервис жақсара түседі, ал біз өз клиенттерімізге бұрынғыдан да жақын әрі қол жетімді бола түсеміз».