Атырау мұнай өңдеу зауытында 5 млн 268 мың тонна мұнай өндірілді

өңдеу
Фото: qazaqtimes.com

Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz – Атырау мұнай өңдеу зауытында 2018 жылы 5 млн 268 мың тонна мұнай өндірілді. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 544 мың тоннаға артық, — деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Жоғары октанды бензиндердің өндірісі де рекордтық көрсеткішке жетіпті, яғни 1 млн 180 мың тонна болған, бұл 2017 жылға қарағанда 89% артық.

Дизель отынын өндіру 1 млн 459 мың тоннаны құраған (2017 жылға қарағанда 7,5% артық). Өндірілген дизель отыны мен жанармайдың барлық көлемі K4 және K5 экология кластарына және де кеден одағының Техникалық регламентіне сәйкес келеді.

Зауыттан өткен жылы реактивті отын, K5 экологиялық класты ПТФ-25 және ПТФ-32 «Khazar» отыны бар қысқы дизель отыны секілді жаңа өнімдер шығарылды.

«Өнеркәсіптік өндіріс пен жоғарғы тазалықтағы, құнды мұнайхимиялық шикізат параксилол өнімі жөнелтілді. Ол машина жасау, химия және медицина өнеркәсібінде, аспап жасауда, тұрмыстық техника өндірісінде қолданылады», – делінген хабарламада.