Атырауда газ-химия кешенінің құрылысы басталды

209
газ-химия
Фото: vis-group.ru

Алматы. 1 шілде. 7kun.kz — Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешені салынып жатыр. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК хабарлады.

Ұлттық компанияда қазіргі уақытта іргетас орнату жұмыстары басталғанын атап өтті.

«Құрылысқа арналған EPC-келісімшарттың құны 1,8 млрд долларды құрайды. Жобаны қаржыландыру үшін қарыз қаражаты тартылды», — деп қостыкомпанияда.

Бұдан басқа, ҚазМұнайГазда компанияның жоба инвесторы еместігін айтты. Шартқа сәйкес жоба бойынша сенімді басқарушы — «Біріккен химиялық компания».

ҚМГ-да кешеннің қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен құрайтынын атап өтті. Дайын өнімді off-taker-халықаралық трейдермен келісім-шарт бойынша сатуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, кәсіпорынды 2021 жылы пайдалануға беру жоспарланған.