Атырауда құны 36 млрд доллар болатын жаңа зауыт салынады

зауыт
Фото: Liter.kz

Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz — Атырау облысындағы Теңіз кен орнындағы жаңа зауыттың бағасы 36,8 млрд долларды құрайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Үшінші буын зауытының құрылысы сағалық қысым және ТШО-ның болашақтағы дамуы басқармасының жобасы аясында жүзеге асады. Серіктестер жобаны қаржыландыру туралы соңғы шешімді қабылдады. Оның құны 36,8 млрд долларға бағаланады. Нысанның іске қосылуы және алғашқы мұнай өндіру 2022 жылға жоспарланды»,-деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл жобаны компанияның өзі қаржыландырып, сырттан инвестиция тартады. Қазақстан Үкіметі жобаны қаржыландыруға қатыспайды

Еске салайық, зауыт іске қосылғаннан кейін Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру 12 млн тоннаға артып, оның көлемі жылына 39 млн тоннаға дейін жетеді.